Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
Құрылғының ішіне Анықтама жүйесі орнатылған. Осы жүйе әр экранды пайдалану жолын түсіндіреді.
Анықтама жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Help («Анықтама») түймесін
түртіңіз.
Кейбір экрандарда, Анықтама жүйесі ғаламдық мәзірге жалғанып, арнайы тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Кейбір Анықтама экрандарында анимациялық көріністер бар. Бұлар, кептемелерді жою сияқты,
процедураларды орындауға көмектеседі.
Жеке тапсырмалардың параметрлерін қамтитын экрандар үшін Анықтама экраны сол экрандардың
параметрлерін түсіндіретін тақырыпты ашады.
Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Help
(«Анықтама») түймесін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
10
1-тарау Өніммен танысу
KKWW