Факс нөмірлерін бұғаттау және бұғаттауды жою
Егер белгілі бір адамдардан немесе мекемелерден факс алуды қаламасаңыз, басқару панелі арқылы
30 факс нөмірін құлыптауға болады. Егер факс нөмірін құлыптап қойсаңыз және сол нөмірден сізге
факс жіберсе, басқару панелінің дисплейі нөмірдің құлыптанғанын көрсетеді, факс басып
шығарылмайды және факс жадта сақталмайды. Құлыптанған факс нөмірлерінен келген факстар факс
жұмыстарын тіркеу журналында «керексіз» белгісімен көрсетіледі. Құлыптанған факс нөмірлері үшін
құлыптауды біртіндеп немесе бір мезгілде барлық нөмірлер үшін жоюға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұғатталған факсті жіберушіге факстің қабылданбағаны туралы мәлімет берілмейді.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Факс
түймешігін түртіңіз.
2.
Факс мәзірі
түймесін басыңыз.
3.
Receive Options («Қабылдау параметрлері»)
түймесін басыңыз.
4.
Block Junk Faxes («Жарнамалық факстарды қабылдамау»)
түймесін басыңыз.
5.
Add Number («Нөмірді қосу»)
түймесін басыңыз.
6.
Қабылданбайтын факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып,
OK
түймесін түртіңіз.