HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Факс жіберуді орнатыңыз

background image

Факс жіберуді орнатыңыз

Өніміңізді келген факстерді басқа факс нөміріне жіберетін етіп орнатуға болады. Факс өніміңізге

келгенде ол жадта сақталады. Сонан соң өнім сіз көрсеткен факс нөмірін тереді және факсті жібереді.

Егер қате болғандықтан (мысалы, нөмір бос емес) өнім факсті жібере алмаса және нөмірді қайта теру

әрекеттері нәтиже бермесе, сіздің өніміңіз факсті басып шығарады.

Егер факс қабылдау кезінде өнімнің жады жеткіліксіз болса, ол кіруші факсті тоқтатады және

жадында сақталған беттерді және толық емес беттерді ғана жібереді.

Факс жіберу функциясы пайдаланылса, өнім (компьютер емес) факстерді қабылдауы тиіс және жауап

беру режимі

Aвтоматты

жағдайға қойылуы тиіс.

1.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда

Факс

түймешігін түртіңіз.

2.

Факс мәзірі

түймесін басыңыз.

3.

Receive Options («Қабылдау параметрлері»)

түймесін басыңыз.

4.

Forward Fax («Факсты бұру»)

түймесін түртіңіз де,

Қосылған

түймесін түртіңіз.

5.

Факс бұрылатын нөмірді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып,

OK

түймесін түртіңіз.