Факс желісіне жалғанған телефонмен теру арқылы факсті жіберу
Кейде, өнім қосылған желідегі телефоннан факс нөмірін теру қажет болуы мүмкін. Мысалы, егер сіз
құрылғысы қолмен қабылдау режимінде тұрған кісіге факс жіберсеңіз, факстің алдында дауыстық
шақыру арқылы сіз сол кісіге факс жіберілетінін хабарлай аласыз.
ЕСКЕРТПЕ:
телефон өнімнің «телефон» портына
қосылған болуы тиіс.
1.
Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
2.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Факс
түймешігін түртіңіз.
3.
Өнім қосылған желідегі телефон тұтқасын көтеріңіз. Телефон батырматақтасын пайдаланып
факс нөмірін теріңіз.
4.
Қабылдаушы жауап бергенде одан факс машинасында факс қабылдауды бастауын сұраңыз.
5.
Факс үндерін естігенде басқару тақтасындағы
Start Fax («Факсты бастау»)
түймешігін түртіп,
басқару тақтасының дисплейінде Қосылу хабары көрсетілгенше күтіп, телефон тұтқасын орнына
қойыңыз.