HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - DSL (Цифрлық абоненттік желі)

background image

DSL (Цифрлық абоненттік желі)

Цифрлық абоненттік желі (DSL) стандартты мыстан жасалған телефон сымдарын пайдаланатын

цифрлық технологияны пайдаланады. Бұл құрылғы сандық сигналдармен тікелей үйлеспейді. Бірақ,

цифрлық абоненттік желіні орнату кезінде конфигурация анықталған болса, жиілік диапазонының бір

бөлігін аналогтық сигналды (дауыс пен факс үшін) жіберуге, ал қалған бөлігін цифрлық мәліметтерді

жіберуге болатындай етіп сигналды бөлуге болады.

ЕСКЕРТПЕ:

Цифрлық абоненттік желі қызметтеріне факстердің барлығы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

HP компаниясы өнімнің барлық DSL абоненттік желілерімен немесе қызмет көрсетушілерімен

үйлесімділігіне кепілдік бермейді.

Қалыпты DSL модем жоғары жиіліктегі DSL модем байланысын төменгі жиіліктегі аналог телефоны мен

факс модемінің байланысынан ажырату үшін сүзгі пайдаланады. Әдетте, DSL модемі пайдаланатын

телефон желісіне қосылған аналог телефондары мен аналог факс құрылғыларымен сүзігіні қолдану

қажет болады. Әдетте, DSL қызметінің провайдері осы сүзгіні қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат

немесе көмек алу үшін DSL қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.