HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Бағдарламалық құралдан факс жіберу (Windows)

background image

Бағдарламалық құралдан факс жіберу (Windows)

Келесі мәліметте өніммен бірге келген бағдарламалық құралды пайдаланып, факстерді жіберуге

арналған негізгі нұсқаулар берілген. Бағдарламалық құралдарға қатысты басқа барлық тақырыптар

бағдарламалық құралдардың Көмек бөлімінде қамтылған және оны бағдарламаның Help (Көмек)

мәзірінен ашуға болады.

Егер сіз мына талаптарға жауап берсеңіз, электрондық құжаттарды компьютерден факс арқылы

жібере аласыз:

Өнім тікелей компьютерге немесе компьютер қосылған желіге жалғанған.

Өнімнің бағдарламалық құралдары компьютерде орнатылған.

Өнім компьютердің амалдық жүйесін қолдайды.

140 7-тарау Факс

KKWW

background image

Бағдарламалық құралдардан факс жіберіңіз

Факс жіберу процедурасы сіздің техникалық талаптарыңызға байланысты өзгереді. Ең көп

пайдаланылатын әрекеттер.

1.

Бастау түймешігін басып, Programs («Бағдарламалар») (немесе Windows XP үшін All Programs

(«Барлық бағдарламалар») тармағын, содан кейін HP тармағын таңдаңыз.

2.

Өнім атауын басып, одан кейін Send fax (Факс жіберу) түймешігін басыңыз. Факстың

бағдарламалық құралы ашылады.

3.

Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.

4.

Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.

5.

Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.

Үшінші жақтың Microsoft Word сияқты бағдарламасынан факс жіберіңіз

1.

Үшінші жақтың бағдарламасында құжатты ашыңыз.

2.

File (Файл) мәзірін басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз.

3.

Принтер драйверінің ашылатын тізімінен факс басып шығару драйверін таңдаңыз. Факстың

бағдарламалық құралы ашылады.

4.

Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.

5.

Өнімге салынған беттерді қосыңыз. Бұл қадам міндетті емес.

6.

Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.

KKWW

Факсті пайдаланыңыз 141