
Басқа бағдарламалық құрал арқылы сканерлеу
Өнімнің бағдарламалық құралын толық орнатсаңыз, өнім TWAIN-үйлесімді және Windows Imaging
Application (WIA)-үйлесімді болады. Өнімнің бағдарламалық құралын толық емес етіп орнатсаңыз, өнім
WIA-үйлесімді болады. Өнім TWAIN-үйлесімді және WIA-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын
қолдайтын Windows жүйесіне негізделген бағдарламалармен жұмыс істейді.
Сіз TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді бағдарламаларында болғанда сіз тікелей ашық тұрған
бағдарламадан сканерлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, бейнелерді сканерлей аласыз. Көбірек
ақпаратты алу үшін Анықтама файлын немесе біздің TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді
бағдарламалық құралмен бірге жеткізілетін құжаттаманы қараңыз.