HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Өнім басып шығармайды

background image

Өнім басып шығармайды

Егер өнім тіптен басып шығармайтын болса, төмендегі шешімдерді орындаңыз.

1.

Өнімнің іске қосылғанын және басқару панелінің дайын болуын тексеріңіз.

Егер басқару панелінде өнімнің дайын емес екендігі көрсетілсе, өнімді ажыратып, қайтадан

қосыңыз.

Егер басқару панелі өнімнің дайын екенін көрсетсе, тапсырманы қайтадан жіберіңіз.

2.

Егер басқару панелі өнімде қате бар екенін көрсетсе, қатені қайта жөндеп, тапсырманы қайтадан

жіберіңіз.

3.

Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі

элементтерді тексеріңіз:

Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,

шамда жасыл түс жанады.

Желіге қосылу үшін телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.

Желі маршрутизаторы, концентрат немесе ажаратқыш қосылғанын және дұрыс жұмыс істеп

тұрғанын тексеріңіз.

4.

HP бағдарламалық құралын өніммен бірге берілген ықшам дискіден орнатыңыз. Жалпы принтер

драйверлерін пайдалану басып шығару кезегіндегі тапсырмаларды жойғанда кідірістерге себеп

болады.

5.

Компьютеріңіздегі принтерлер тізімінен, осы өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен

басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңдап, Ports (Порттар) қойындысын ашыңыз.

Егер желіге қосылу үшін желі кабелін пайдалансаңыз, Ports (Порттар) қойындысындағы

принтер атауы өнімнің теңшелім бетіндегі өнім атауына сәйкес келетінін тексеріңіз.

Егер USB кабелін пайдаланып, сымсыз желіге қосылып жатырсаңыз, Virtual printer port for

USB (USB виртуалды принтер порты) жанына құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.

6.

Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесін пайдалансаңыз, өніммен жасалған байланыс

бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды уақытша

ажыратыңыз.

7.

Компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар немесе кедергі

басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.