Факс ақаулықтарын шешу кестесі
●
Бірнеше ықтимал шешім қолжетімді болады. Әр ұсынылған әрекеттен кейін ақаудың
жойылғанын тексеру үшін қайта факс жіберіп көріңіз.
●
Факс ақауларын жойғанда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін құрылғы сымы тікелей қабырғадағы
телефон ұясына жалғанғанын тексеріңіз. Құрылғыға жалғанған басқа құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
1.
Телефон сымының өнімнің артқы жағындағы дұрыс ұяға жалғанғанын тексеріңіз.
2.
Факс тексеруін пайдаланып, телефон желісін тексеріңіз:
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Setup («Орнату») түймешігін, одан кейін
Қызмет
мәзірін түртіңіз.
ә.
Fax Service («Факс қызметі»)
мәзірін таңдаңыз.
б.
Run Fax Test («Факсты тексеру»)
опциясын таңдаңыз. Құрылғы факс тексеруінің есебін басып
шығарады.
Есепте келесі ықтимал нәтижелер болады:
●
Сәтті: Есепте қарап шығуға болатын ағымдағы факс параметрлері бар.
●
Сәтсіз: Есеп қате сипаттамасын және мәселені шешу жолы бойынша ұсыныстарды
көрсетеді.
3.
Өнімге орнатылған бағдарламалық құрал ағымдағы екенін тексеріңіз:
а.
Ағымдағы бағдарламалық құралдың орнатылған күнін көру үшін басқару тақтасының
Есептер
мәзірінен конфигурациялық бетті басып шығарыңыз.
ә.
www.hp.com
торабына өтіңіз.
1.
Қолдау және драйверлер сілтемесін басыңыз.
2.
Драйверлер мен (орнатылған) бағдарламалық құралды жүктеп алу сілтеме
опциясын басыңыз.
206 9-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
3.
For product («Өнімге арналған») терезесінде өнімнің үлгі нөмірін теріп, Go (Өту)
түймешігін басыңыз.
4.
Амалдық жүйеге қарай сілтемені басыңыз.
5.
Үстелдің Орнатылған бағдарламалық құралдар бөліміне жылжып барыңыз.
●
Тізімдегі нұсқа конфигурация бетіндегі нұсқаға сәйкес келетін болса, ең соңғы
нұсқаны пайдаланып жүргеніңіз.
●
Нұсқалар әр түрлі болатын болса, шағын бағдарламалық құрал жаңарту файлын
жүктеп, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өнімге орнатылған шағын
бағдарламалық құралды жаңартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту үшін құрылғы
интернетке кіретін компьютерге жалғанған болуы тиіс.
●
Факсты қайта жіберіңіз.
4.
Құрылғының бағдарламалық құралы орнатылған уақытта факс параметрлері реттелгенін
тексеріңіз.
Компьютердегі HP бағдарламалық қалтадан Fax Setup Utility («Факс параметрлерін реттеу
утилитасы») бағдарламасын қосыңыз.
5.
Телефон қызметінің аналог факсты қолдайтынын тексеріңіз.
●
ISDN немесе сандық PBX қолданылғанда аналог факс желісі байланысын реттеу ақпаратын
алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
●
VoIP қызметін пайдаланғанда басқару тақтасындағы
Fax Speed («Факс жылдамдығы»)
параметрін
Slow(V.29) («Баяу (V.29)»)
күйіне өзгертіңіз. Қызмет провайдері факс қызметін
қолдайтынын және ұсынылған факс модемінің жылдамдығын сұраңыз. Кейбір компаниялар
адаптерді сұрауы мүмкін.
●
DSL қызметін пайдаланғанда өнімнің телефон желісі байланысында сүзгінің бар-жоғын
тексеріңіз. DSL қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе болмаған жағдайда DSL
сүзгісін сатып алыңыз. DSL сүзгісі орнатылған болса, ақаулығы болуы мүмкін болғандықтан
басқасын пайдаланып көріңіз.
6.
Қате жоғалмаса, осы бөлімнен кейінгі бөлімдерде күрделі мәселелердің шешімдерін қараңыз.