HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ

background image

Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ

1.

Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.

2.

Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.

3.

Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.

а.

Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймесін

басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап, cmd деп теріңіз.

ә.

Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.

Mac OS X амалдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті жолағына IP

мекенжайын енгізіңіз.

б.

Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.

4.

Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.

а.

Конфигурация бетін басып шығарыңыз.

ә.

Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)

принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.

б.

Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын

қайта конфигурациялаңыз.