HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - 2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру

background image

2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру

1.

Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз екеніне көз

жеткізіңіз.

2.

Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.

3.

Өнім желіге қосылған болса, төмендегі элементтерді тексеріңіз:

Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,

шамда жасыл түс жанады.

Желіге қосылу үшін, телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.

Желі маршрутизаторы, концентратор немесе ажыратқыш қосылғанын және дұрыс жұмыс

істеп тұрғанын тексеріңіз.

164 9-тарау Мәселелерді шешу

KKWW

background image

Егер компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар немесе

кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.

Егер өнім сымсыз қосылған болса, сымсыз байланыс дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру

үшін сымсыз желі сынақ есебін басып шығарыңыз.

а.

Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.

ә.

Өзіндік диагностика

түймешігін түртіңіз.

б.

Есепті басып шығару үшін,

Сымсыз желіні тексеру

түймешігін түртіңіз.

4.

Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесі пайдаланылса, өніммен жасалған байланыс

бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды уақытша

ажыратыңыз.