Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін.
Сканерді тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1.
Өнімді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз, одан кейін
қуат кабелін электр розеткасынан ажыратыңыз.
2.
Сканердің қақпағын ашыңыз.
3.
Сканер әйнегін, құжат беру құралының таспаларын және
ақ пластмасса тіректі абразивті емес шыны тазалағышпен
ылғалданған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен
тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында
ажарлағыш затарды, ацетонды, бензинді, аммиакты
көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей шыныға
немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
192 9-тарау Мәселелерді шешу
KKWW
4.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі
былғары немесе целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
5.
Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу
үшін қуат түймесін басыңыз.