HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Оң жақтағы есіктегі кептелуді тазалау

background image

Оң жақтағы есіктегі кептелуді тазалау

ЕСКЕРТУ:

Өнім жұмыс істеп тұрған кезде термобекіткіш ыстық болуы мүмкін. Тазалар алдында,

термобекіткіштің салқындағанын күтіңіз.

1.

Оң жақтағы есікті ашыңыз.

2.

Егер қағаз шығару қалтасына кірген жерінде кептеліп

қалса, қағазды шығару үшін төмен қарай ақырын

тартыңыз.

3.

Егер оң жақтағы есіктің ішінде кептеліп қалса, қағазды

шығару үшін ақырын тартыңыз.

178 9-тарау Мәселелерді шешу

KKWW

background image

4.

Оң жақтағы есіктің ішкі жағындағы қағаз беретін

қақпақты көтеріңіз. Егер кептелген қағаз бар болса,

қағазды шығару үшін оны ақырын тіке тартыңыз.

1

2

5.

Қағаз беретін қақпақты жабыңыз.

6.

Желімді аумақтан қағазды ақырын тартыңыз.

7.

2-науаның білік аумағынан қағазды іздеңіз. Кептелген

қағазды шығаратын есікті ашу үшін екі жасыл тетікті

жоғарыға қарай итеріңіз. Кептелген қағазды шығарып,

есікті жабыңыз.

KKWW

Кептелістерді жою 179

background image

8.

Егер қағаз термобекіткіштің төменгі жағынан кірген

жерден көрінсе, оны шығару үшін ақырын төмен қарай

тартыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Тасымалдағыш білік тұрған жердегі біліктерге

тиіспеңіз. Дақтар баспа сапасына әсер етуі мүмкін.

9.

Қағаз көрінбейтін термобекіткіштің ішінде кептеліп қалуы

мүмкін. Термобекіткіштің тұтқаларынан ұстап, ақырын

көтеріңіз, содан кейін термобекіткішті шығару үшін оны

тіке тартыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Өнім жұмыс істеп тұрған кезде термобекіткіш

ыстық болуы мүмкін.

10.

Кептелген қағазды шығаратын есікті ашыңыз (1-тілше

дерек). Егер қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп қалса,

оны шығару үшін тіке ақырын тартыңыз (2-тілше дерек).

Егер қағаз жыртылып кетсе, қағаздың барлық

қиындыларын алып тастаңыз.

ЕСКЕРТУ:

Термобекіткіштің корпусы салқындағанның

өзінде, ішіндегі біліктер әлі ыстық болуы мүмкін.

Термобекіткіштің біліктері салқындағанша, оларға

тиіспеңіз.

1

2

180 9-тарау Мәселелерді шешу

KKWW

background image

11.

Кептелген қағазды шығаратын есікті жауып,

термобекіткішті өнімге толық салыңыз.

12.

Оң жақтағы есікті жабыңыз.

KKWW

Кептелістерді жою 181