HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру

background image

Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру

HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі

пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы

мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.

ЕСКЕРТПЕ:

Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол

драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға

болады.

Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.

1.

Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.

2.

Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.

3.

Қағаз/сапа қойындысын ашып, Баспа сапасы аймағын табыңыз.

4.

Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:

600 dpi (600 нүкте/дюйм) опциясын таңдаңыз.

Мүмкіндікті қосу үшін EconoMode (Үнемдеу режимі) құсбелгісін қойыңыз.

Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:

FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.

Оны өшіру үшін EconoMode (Үнемдеу режимі) құсбелгісін алыңыз.

5.

Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.

Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін

басыңыз.

188 9-тарау Мәселелерді шешу

KKWW