USB құрылғысын енгізгенде USB құрылғысының мәзірі ашылмайды
1.
Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы мүмкін.
Файлдарды FAT (File Allocation Table) файл жүйелерін пайдаланатын стандартты USB
құрылғысына сақтаңыз. Өнім FAT12, FAT16 және FAT32 USB сақтау керек-жарақтарын қолдайды.
2.
Басқа мәзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.
3.
USB құрылғысында бірнеше бөліктер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір өндірушілері
бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын құрылғыда орнатады).
Бөліктерді жою үшін USB құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB құрылғысының басқа түрін
қолданыңыз.
4.
USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.
а.
USB құрылғысын алып тастаңыз.
ә.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б.
Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB құрылғысын пайдаланыңыз.
5.
USB құрылғысы дұрыс істемей тұрған болуы мүмкін.
а.
USB құрылғысын алып тастаңыз.
ә.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б.
Басқа USB құрылғысынан басып шығаруға әрекет жасаңыз.