HP Wireless Direct Printing мүмкіндігін орнату
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл мүмкіндікті тек сымсыз үлгілерде қолдануға болады.
HP Wireless Direct Printing мүмкіндігі сымсыз тасымалы құрылғыдан HP сымсыз тікелей қосылған
өніміне орнатылған желіге немесе Интернетке байланысты қажет етпестен тікелей басып шығаруға
мүмкіндік береді. HP Wireless Direct мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін
пайдаланыңыз:
●
Apple AirPrint пайдаланатын iPhone, iPad немесе iTouch
●
Android, iOS немесе Symbian жүйесінде HP ePrint Home & Biz бағдарламасын пайдаланатын
тасымалы құрылғылар
HP Wireless Direct мүмкіндігін басқару тақтасынан орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл мүмкіндік үшін өнімге қауіпсіздік құпия сөзін орнату қажет. Құпия сөзді бұрын
теңшемеген болсаңыз, осы мүмкіндікті қосқаннан кейін біреуін теңшеу ұсынылады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Сымсыз түймешігін түртіңіз.
2.
Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Сымсыз байланыс мәзірі
●
Wireless Direct параметрлері
●
Қосулы/өшірулі
ЕСКЕРТПЕ:
Егер
Wireless Direct параметрлері
элементі басқару тақтасында пайда болмаса,
өнімнің аппараттық бағдарламалық құралын жаңарту қажет. Ағымдағы нұсқаны алу үшін,
www.hp.com
веб-торабына өтіп, HP өнім нөмірін іздеу жолағына енгізіңіз де, нақты өнім үлгісін
таңдаңыз, одан кейін Бағдарламалық құрал және драйверлер жүктеп алу сілтемесін басыңыз.
3.
Қосылған
мәзір элементін түртіңіз. Өнім қауіпсіздік құпия сөзін орнатуды ұсынуы мүмкін. Өнім
параметрді сақтап, басқару тақтасындағы
Wireless Direct параметрлері
мәзіріне қайтады.
KKWW
HP Wireless Direct Printing мүмкіндігін орнату 149