HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)

background image

Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)

1.

Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасындағы Cancel

(«Бас тарту») түймешігін басу арқылы тоқтатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ:

Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы

мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ:

Cancel («Бас тарту») түймешігі басылғанда өнімдегі орындалып жатқан баспа

тапсырмасы тоқтайды. Бірнеше процесс жүріп жатса, Cancel («Бас тарту») түймешігі

басылғанда өнімнің басқару тақтасындағы ағымдағы көрсетіліп тұрған процесс өшіріледі.

2.

Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару

тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.

Software program: (Бағдарлама:) Әдетте компьютер экранында диалог терезесі қысқа

уақыт көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.

Windows print queue: (Windows баспа тапсырмаларының кезегі:) Егер баспа тапсырмасы

басу кезегінде (компьютер жадындағы) немесе баспа спулерінде тұрса, оны сол жерден

жойыңыз.

Windows XP, Server 2003 немесе Server 2008: Бастау түймесін басып, Параметрлер

опциясын таңдаңыз, содан кейін Принтерлер мен факстар түймесін басыңыз. Терезені

ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын

тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз, содан кейін Cancel (Тоқтату) опциясын

таңдаңыз.

Windows Vista: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басып,

Настройки (Параметрлер) пәрменін, содан кейін Принтеры (Принтерлер) пәрменін

таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа

тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту)

тармағын таңдаңыз.

Windows 7: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басыңыз,

содан кейін Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармағын таңдаңыз.

Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын

тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту) тармағын

таңдаңыз.