Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Mac OS X)
1.
Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасындағы Cancel
(«Бас тарту») түймешігін басу арқылы тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Cancel («Бас тарту») түймешігі басылғанда өнімдегі орындалып жатқан баспа
тапсырмасы тоқтайды. Бірнеше басып шығару тапсырмасы күтіп тұрса, Cancel («Бас тарту»)
түймесі басылғанда өнімнің басқару тақтасындағы ағымдағы көрсетіліп тұрған басып шығару
тапсырмасы өшіріледі.
2.
Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.
●
Software program (Бағдарлама): Әдетте компьютер экранында диалог терезесі қысқа уақыт
көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
●
Mac жүйесіндегі баспа реті: Панельдегі өнім белгішесін екі рет басу арқылы баспа
тапсырмаларының кезегін ашыңыз. Баспа тапсырмасын таңдаңыз, содан кейін Delete (Жою)
түймесін басыңыз.