HP EasyColor опциясын пайдалану
Windows амалдық жүйесіне арналған HP PCL 6 принтер драйвері қолданылғанда, HP EasyColor
технологиясы Microsoft Office бағдарламаларынан басылып шыққан аралас мазмұнды құжаттарды
автоматты түрде жақсартады. Бұл технология құжаттарды сканерлейді және .JPEG немесе .PNG
форматындағы фотосуреттерді автоматты түрде реттейді. HP EasyColor технологиясы бүкіл суретті
бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, бір уақытта жетілдіреді. Нәтижесінде түс сәйкестігі жақсарып,
детальдардың анықтығы және басып шығару жылдамдығының артуы қамтамасыз етіледі.
Mac жүйесіне арналған HP Postscript принтерінің драйверін пайдаланған жағдайда, HP EasyColor
технологиясы барлық құжаттарды сканерлеп, барлық фотосуреттерді бірдей жақсартылған
фотографиялық нәтижелермен автоматты түрде реттейді.
Келесі мысалда, сол жақтағы суреттер HP EasyColor опциясы пайдаланбастан жасалған. Оң жақтағы
суреттер HP EasyColor опциясын пайдалану нәтижесіндегі жақсартуларды көрсетеді.
HP EasyColor опциясы HP PCL 6 және HP Mac Postscript принтер драйверлерінде әдепкі бойынша
қосулы болады, сондықтан түсті қолмен реттеудің қажеті жоқ. Түс параметрлерін қолмен реттеу
мақсатымен бұл параметрді өшіру үшін, Windows драйверінде Түс немесе Mac драйверінде Түс/сапа
опциялары қойындысын ашып, HP EasyColor құсбелгісін қойыңыз.