HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Қолмен реттелетін түс опциялары

background image

Қолмен реттелетін түс опциялары

Мәтін, графика және фотосуреттер үшін Neutral Grays («Бейтарап сұр түстер»), Halftone («Жартылай

реңк») және Edge Control («Жиектерді түзету») опциялары үшін қолмен реттелетін түс опцияларын

пайдаланыңыз.

Параметр сипаттамалары

Параметр опциялары

Жиектерді түзету

Edge Control («Жиекті басқару») параметрі

жиектердің бейнеленуін анықтайды. Жиектерді

түзету опциясы екі компоненттен тұрады:

бейімделгіш жартылай реңктеу және түстерді қамту.

Бейімделгіш жартылай реңктеу жиектің

айқындығын өсіреді. Түстерді қамту көршілес

нысандардың жиектерін аздап қамту нәтижесінде

түсті ауытқу әсерін азайтады.

Off («Өшіру») түстерді қамту және бейімделгіш жартылай

реңктеудің екеуін де өшіреді.

Light («Ашық») параметрі түсті қабаттастырып келтіру деңгейін

ең төменгі мәнге орнатады. Бейімделгіш жартылай реңктеу

қосулы.

Normal («Қалыпты») түс қамтылуын орташа мәнге келтіреді.

Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.

Maximum («Ең көп») барынша агрессивті түспен қамту параметрі

болып табылады. Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.

Halftone («Жартылай реңк»)

Halftone («Орта өң») опциялары түстің шығу

айқындылығы мен ажыратымдылығына әсер етеді.

Smooth («Тегіс») кең, біркелкі толтырылған баспа аумақтары мен

фотосуреттерді жақсартуда түс өтпелілігін тегістеу нәтижесінде

ең жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді. Аумақты біркелкі әрі

тегіс толтыру маңызды болғанда осы опцияны таңдаңыз.

Detail («Егжей-тегжейлі») түстері мен сызықтарында нақты

айқындықты қажет ететін мәтін мен графика немесе үлгілері мен

жоғары деңгейдегі бөлшектері бар бейнелер үшін қолданылады.

Айқын жиектер мен ұсақ мәліметтер маңызды болғанда осы

опцияны таңдаңыз.

Бейтарап сұр түстер

Neutral Grays («Бейтарап сұр түстер») параметрі

мәтіндерде, графикаларда және фотосуреттерде

қолданылатын сұр түстерді құрудың тәсілін

анықтайды.

Black Only («Тек қара түс») бейтарап түстерді тек қара тонерді

пайдалана отырып құрады. Ол түсті реңктерсіз бейтарап түстерді

қамтамасыз етеді. Бұл параметр құжаттар мен сұр түс шәкілдің

сызбасын көруге ең жақсы.

4-Color («4 түсті») барлық төрт түсті тонерді үйлестіре отырып

бейтарап түстерді (сұр және қара) кепілдендіреді. Бұл әдіс өзге

түстердің нақты өтулерін өндіріп, ең қою қара түсті құрады.

84

4-тарау Басып шығару

KKWW