Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне қарай
белгіленеді:
ЕСКЕРТПЕ:
Командалар мен диалог терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың түріне
қарай әр түрлі болуы мүмкін.
●
Page Setup (Бет параметрлері) диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін сіз жұмыс істеп
отырған бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Page Setup (Бет параметрлері) немесе оған ұқсас бір
команданы басыңыз. Осы жерде өзгертілген параметрлер кез келген басқа жерде өзгертілген
параметрлердің күшін жояды.
●
Print dialog box (Баспа диалог терезесі): Осы диалог терезесін ашу үшін жұмыс істеп отырған
бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару), Print Setup (Баспа баптаулары)
немесе ұқсас пәрменін таңдаңыз. Print (Басып шығару) диалог терезесінде өзгертілген
параметрлер басымдығы төмен Page Setup (Бет баптаулары) диалог терезесінде енгізілген
өзгертулердің орнын баспайды.
●
Printer Properties (Принтер сипаттары) диалог терезесі (принтер драйвері): Принтер драйверін
ашу үшін Print (Басып шығару) диалог терезесіндегі Properties (Қасиеттері) тармағын басыңыз.
Printer Properties (Принтер сипаттары) диалог терезесінде өзгертілген параметрлер әдетте
принтердің бағдарламалық құралының ешбір жеріндегі параметрлердің орнын баспайды. Мұнда
көптеген баспа параметрлерін өзгертуіңізге болады.
●
Әдепкі принтер драйверінің параметрлері: Әдепкі принтер драйверінің параметрлерінде Page
Setup (Бет параметрлері), Print (Басып шығару) немесе Printer Properties (Принтер сипаттары)
диалог терезелерінде өзгертілген параметрлерден басқа барлық баспа тапсырмаларында
қолданылатын параметрлер анықталады.
●
Өнімнің басқару тақтасының параметрлері: Өнімнің басқару тақтасында өзгертілген
параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.