HP LaserJet Pro 500 color MFP M570 - Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық

background image

Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық

Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне қарай

белгіленеді:

ЕСКЕРТПЕ:

Пәрмендер мен тілқатысу терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың

түріне қарай басқаша болуы мүмкін.

Page Setup (Бет параметрлері) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу терезесін ашу үшін, сіз жұмыс

істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Page Setup (Бет параметрлері) немесе оған

ұқсас бір пәрменді таңдаңыз. Осы жерде өзгертілген параметрлер кез келген басқа жерде

өзгертілген параметрлердің күшін жояды.

Print (Басып шығару) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу терезесін ашу үшін, сіз жұмыс істеп

отырған бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару), Print Setup (Баспа

параметрлері) немесе оған ұқсас бір пәрменді таңдаңыз. Print тілқатысу терезесінде енгізілген

өзгерістердің басымдығы төмен болады және Page Setup (Бет параметрлері) тілқатысу

терезесінде енгізілген өзгерістердің күшін жоймайды.

Әдепкі принтер драйверінің параметрлері: Әдепкі принтер драйверінің параметрлерінде Page

Setup (Бет параметрлері), Print (Басып шығару) немесе Printer Properties (Принтердің сипаттары)

тілқатысу терезелерінде өзгертілген параметрлерден басқа барлық баспа тапсырмаларында

қолданылатын параметрлер анықталады.

Өнімнің басқару тақтасының параметрлері: Өнімнің басқару тақтасында өзгертілген

параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.